EnDuKe **ҚАЗАҚСТАН маған не береді деме,Мен не берем де!
Сайт мәзірі
Бізбен бірге
Бөлім категориясы
Хадистер,руаяттар [6]
Сауалнама
Сайтты немен толықтырсақ екен?
Барлық жуаптар: 100
Менімен байланысу үшін!
  • ICQ:616483694
  • QQ:1907848710
  • VK.COM/enduke
  • SKYPE:enduke.1
  • FaceBook.com/enduke
  • Twitter:@duman_kpl
  • E-mail:enduke@ya.ru
  • Duman_94.kpl@mail.ru
  • Кіру түрі
    Главная » Файлы » Иманыңды күшейт

    В разделе материалов: 6
    Показано материалов: 1-6


    Аллаһ­тың бар екен­ді­гі мен да­ра­лы­ғын бі­ліп рас­тау - ең үл­кен па­рыз. Осы­дан кейін­гі па­рыз­дар­дың ең үл­ке­ні жә­не ең ма­ңыз­ды­сы - на­маз. На­маз - жү­рек­тің нұ­ры, рух­тың кү­ші, мұ­сыл­ман­ның ке­ре­ме­ті.

    На­маз - сөз­дік­те «дұ­ға ету», «жақ­сы дұ­ға ету» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран­да: «Олар­ға дұ­ға ет. Се­нің дұ­ғаң олар­ға ра­қым­шыл­дық», - дейді[1]. Ша­ри­ғат­та на­маз - тәк­бір­мен бас­та­лып, сә­лем­мен аяқ­та­ла­тын, ерек­ше қимыл-қозғалыстар мен сөз­дер­ден тұ­ра­тын ға­жайып ғи­ба­дат.

    На­маз Ис­лам­нан бұ­рын­ғы ила­һи (құ­дай­лық) дін­дер­де де па­рыз-ды. Ха­зі­ре­ті Мұ­хам­мед­ке (с.а.у.) бес уа­қыт на­маз па­рыз етіл­мей тұ­рып, тек қа­на таң мен ақ­шам уақы­тын­да екі рет на­маз оқыл­ған. Кейін Миғ­раж тү­нін­де бес уа­қыт на­маз па­рыз бол­ды. На­маз­дың па­рыз­ды­ғы Құ­ран, сүн­нет жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Құ­ран­ның көп­те­ген же­рін­де «На­маз оқың­дар жә­не зе­кет бе­рің­дер» - деп на­маз­дың өте ма­ңыз­ды па­рыз екен­ді­гін біл­дір­ген. Олар­дың кейбі­рі мы­на­лар: «Бар­лық на­маз­дар­ды жә­не ор­та на­маз­ды сақ­таң­дар»[2]. «Ра­сын­да, на­маз бел­гі­лен­ген ар­найы уа­қыт­тар­да па­рыз етіл­ді»[3]. «Алайда, олар бар­лық бұ­рыс дін­дер­ден бойын ау­лақ ұс­тап, шы­найы түр­де Аллаһ­қа құл­шы­лық ету­ден, на­маз­ды тұп-ту­ра оқу­дан жә­не зе­кет бе­ру­ден өз­ге нәр­се­ге әмір етіл­ме­ген бо­ла­тын».[4] «На­маз­ды то­лық оқың­дар...»[5].

    Сүн­нет­тен дә­лел­дер: Бұл ту­ра­лы риуаят етіл­ген көп­те­ген ха­дис­тер бар. Бұ­лар­дың кейбіреуі:

    «Ибн Омар­дан (р.а.) риуаят етіл­ген бір ха­дис­те Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ис­лам бес нәр­се­ден тұ­ра­ды: Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ еке­ні­не жә­не Мұ­хам­мед Аллаһ­тың Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ету, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру жә­не Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау»[6].

    Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар Муаз ибн Жә­бәл­ді (р.а.) Йе­мен­ге жі­бе­ріп жат­қан­да, оған бы­лай дейді: «Сен әһ­ли кі­тап са­нал­ған қо­ғам­ға ба­ра жа­тыр­сың. Олар­ды ал­ды­мен Аллаһ­қа құл­шы­лық ету­ге ша­қыр, Аллаһ­ты қа­был ет­се, Аллаһ­тың олар­ға бір күн­де бес уа­қыт на­маз па­рыз ет­ке­нін айт. На­маз­ды қа­был ет­се, Аллаһ Та­ға­ла­ның олар­дың ау­қат­ты жан­да­ры­на ке­дей­лер­ге бе­ру үшін зе­кет па­рыз ет­ке­нін айт. Қа­был ет­се, олар­дан зе­кет ал. Бі­рақ адам­дар­дың мал-мүл­кі­нің ең жақ­сы­сын ал­ма, жә­бір көр­ген­нің қар­ғы­сы­нан сақ­тан. Өйтке­ні, оның дұ­ға­сы мен Аллаһ Та­ға­ла­ның ара­сын­да пер­де жоқ»[7].

    Со­ны­мен қа­тар, күл­лі Ис­лам ға­лым­да­рын­да бір күн­де бес уа­қыт на­маз­дың па­рыз­ды­ғы жайлы ауыз­бір­лік бар.

    На­маз­дың һиж­рет­тен (көш) бұ­рын Миғ­раж тү­нін­де па­рыз бол­ға­ны жайлы нақ­ты ха­бар­лар бар. Әнас (р.а.) жет­кіз­ген бір ха­дис­те айты­ла­ды: «Миғ­раж тү­нін­де Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар­ға елу уа­қыт на­маз па­рыз етіл­ген, кейін азай­тып бес­ке тү­сір­ді. Сол кез­де Аллаһ Та­ға­ла бы­лай де­ді: «Ей, Мұ­хам­мед! Ме­нің сө­зім өз­гер­мес. Бес уа­қыт на­маз­да сен үшін елу уа­қыт на­маз­дың сауабы бар»[8].

    На­маз ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, ақы­лы то­лыс­қан әр­бір мұ­сыл­ман­ға па­рыз. Бі­рақ же­ті жас­қа кел­ген ба­ла­лар­ға на­маз оқу­ды үйре­ту ке­рек. Он жас­қа кел­ген­де на­маз оқы­ма­са, жай-жай ұру­ға бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ба­ла­лар­ға же­ті жас­қа кел­ген­де на­маз оқы­тың­дар, он жа­сы­на кел­ген­де (на­маз оқы­ма­са жай) ұрың­дар жә­не сол жас­та тө­се­гін бө­лек са­лып бе­рің­дер»[9].

    Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) бес уақыт намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін Миғраж түнінде бес уақыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» - деп намаздың өте маңызды парыз екендігін білдірген.. Атау (нә­зір), үтір, жә­не айт на­маз­да­ры - уә­жіп. Бір бәдәуи (шөл ада­мы) жайлы ха­дис­те на­маз­дың бес уа­қыт еке­ні айты­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Бір күн­нің ішін­де па­рыз етіл­ген на­маз бесеу», - дейді. Бәдәуи сон­да: «Ме­нің бұ­дан бас­қа бо­ры­шым бар ма?», - деп сұ­ра­ған­да, Аллаһ Ел­ші­сі: «Жоқ, егер өз­ді­гің­нен нә­піл на­маз оқы­саң, ол бас­қа», - деп жауап қайта­ра­ды. Сон­да бәдәуи: «Се­ні ақи­қат­пен жі­бер­ген Аллаһ­қа ант ете­мін. Бұ­дан бас­қа не ар­тық, не кем на­маз оқы­май­мын», - де­ді. Сон­да Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай де­ді: «Сө­зі рас бол­са, ол адам жән­нат­қа ба­ра­ды»[10].

    Хадистер,руаяттар | Көрілді: 1539 | Жүктелді: 0 | Қосқан: enduke | Уақыты: 11.01.2013 | Пікір қалдырсай(0)


    ХАЗРЕТІ МҰХАММЕД алейһиссаламның ӨМІРІ

    Бұл кітап, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның мүбəрəк өмір-баянын хикаялайды. Кітапты мұқият оқығандардың жүрегіне Аллаһу та’аланың елшісіне деген таңданыс пен мақтаныш ұялап, əлемнің мырзасына деген махаббаты артып, оның адамзатқа ғибрат боларлық өмірінен нəр алары сөзсіз.
    Бұл кітап үлкен-кіші, барша оқырманның қызыға оқитын тарихтың алтын дəуірлерінен сыр шертеді. Ол тек мұсылман оқырмандарға ғана емес, өзге дін өкілдері мен дін тарихын зерттеушілерге Мұхаммед алейһиссаламның өмірлік жолын, пайғамбарлық қасиеттерін білуде құнды дереккөз болмақ.

    Хадистер,руаяттар | Көрілді: 1696 | Жүктелді: 0 | Қосқан: enduke | Уақыты: 11.01.2013 | Пікір қалдырсай(0)


    Ағылшын тыңшысының мойындаулары

    Ағылшын тыңшысының мойындаулары кітабында XVIII ғасырдың басындағы ағылшындардың Отарлау министрлігі басқарып және әр мемлекетке жіберіп отырған мыңдаған тыңшылардың бірі болған Хемфердің рапорты, оның ішінде уаххаби ағымын қалай құрғандары, мұсылмандардың арасына іріткі салу үшін, бөлшектеу, әлсірету үшін жүргізген айла-тәсілдері, отарлаған жерлеріндегі адамдарға жасаған зұлымдықтары кеңінен баяндалады.

    Хадистер,руаяттар | Көрілді: 1981 | Жүктелді: 0 | Қосқан: enduke | Уақыты: 11.01.2013 | Пікір қалдырсай(0)

    Намаз кітабы - дәстүрлік сүнни мұсылмандардың Ханафи мазһабы ғалымдарының құнды кітаптарын пайдалана отырып, даярланды. Әһли сүннет ақидасы, намаз, дәрет, ғұсыл, тәйәммүм және т.б. тақырыптарда әр бір мұсылманға қажетті мәліметтермен қамтылған және тәрбиелік маңызы жағынан мол деректер мен байытылған. Жүктеу үшін келесі бетті ашыңыз!

    Хадистер,руаяттар | Көрілді: 2117 | Жүктелді: 0 | Қосқан: enduke | Уақыты: 11.01.2013 | Пікір қалдырсай(0)

    1
    Хадистер,руаяттар | Көрілді: 1101 | Жүктелді: 0 | Қосқан: jambo | Уақыты: 09.01.2013 | Пікір қалдырсай(0)

    Іздеу
    Міні-ЧАТ
    Санақ

    Сайтта отырғандар: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0
    Барлық құқықтары мүлде қорғалмаған сот жоқ!!! Сайт еркін пікірде болып,әр кім өз ойын айтып,кішкене тақырыппен үлкен мәселелерді шешу үшін құрылған. Ең алдымен Тілімізді,ұлтымызды,халқымызды,Отанымызды-Дінімізді қорғайық.Бас кесседе тіл кеспек жоқ сондықтан жақсы сөздер айтып Қазақша қалжыңдасып отырайық
    Copyright MyCorp © 2021 Яндекс.Метрика Web100kz.com - каталог сайтов
    счетчик посещений besucherzahler looking for love and marriage with russian brides