EnDuKe **ҚАЗАҚСТАН маған не береді деме,Мен не берем де!
Сайт мәзірі
Бізбен бірге
Бөлім категориясы
Әдеби әлем [1]
Логикалық сұрақтар [0]
Сауалнама
Сайтты немен толықтырсақ екен?
Барлық жуаптар: 100
Менімен байланысу үшін!
  • ICQ:616483694
  • QQ:1907848710
  • VK.COM/enduke
  • SKYPE:enduke.1
  • FaceBook.com/enduke
  • Twitter:@duman_kpl
  • E-mail:enduke@ya.ru
  • Duman_94.kpl@mail.ru
  • Кіру түрі
    Главная » Файлы » Біліміңді арттыр » Әдеби әлем

    Алиманың ұсынысымен Қалқаман Сарин ағамыздың сырлы өлеңдері!
    26.01.2013, 00:07

    Өмірбян 
     Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 – 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған. 
    Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы. 
     «Жібек сезім – Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» т.б. ән мәтіндерін жазған. Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафердрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.



    Достар

    Беу, достарым,

    Сағындым мен сендерді!

    Тек сағыныш көтерер еңсемді енді.

    Алып-ұшып кететін көңіл қайда,

    Тарлық етіп осынау жер шеңберді.

    Бал шақтарын көктем мен күздің аңсап,

    Өмір күліп тұратын біз қуансақ...

    Жастығымның оралмас белгісіндей,

    Жанарынан жылдарым үзді моншақ.

    Адал едік, ақ жүрек аңғал едік,

    Таза, мөлдір жыр жаздық таңнан өріп.

    Бір-бірінен аумайтын армандар-ай,

    Жауһар сезім беретін жанға көрік.

    Сарғайған гүл сияқты қолымдағы,

    Сағынышқа айналды-ау соның бәрі.

    Жалт-жұлт еткен жасындай жас ғұмырды,

    Жүріп өткен кешегі жол ұрлады.

    Жол ұрлады. Өзгерді өмір мәні,

    Жалғыз айтқан әнімнің жоқ ырғағы.

    Күзге айналып кетсе де күрең жалған,

    Күйі ойнайды көктемнің көңілде әлі.

    Көңіл-дөнен "басқа өрлеп, төске шауып",

    Өлімменен қауышпай өшпесі анық.

    Қайдасыңдар, достарым, келіңдерші,

    Ессіз, ерке шақтарды еске салып!!!

    Әке

    Жақсы мен жаманды да көрді көзің,

    Сонда да мұқалмады өр мінезің.

    Айбыны Алатаудай қайран, әке -

    Асқарым арқа сүйер болдың өзің!

    Беріліп ғажабына бала күннің,

    Қадірін сол бақыттың жаңа білдім!

    Өлшеусіз өнегеңді өлеңге өрсем -

    Жетер ме, құдіреті қаламымның?!

    Сен жүрген жол қысқарып, сапар бітті,

    Сонда да жанға медет батаң құтты.

    Әкетай көруші едім тек өзіңнен,

    Мейірім тұнып тұрған қаталдықты.

    Көз жазып қара шалдан қалған ауыл

    Құлазып, (түсе алмайды арнаға бір...)

    Артыма қарайлаумен келем үнсіз,

    Арқалап сағынышты салмағы ауыр.

    Өскен соң өлмес мұра өлеңге ұйып,

    Басымды көрмегем бос беделге иіп...

    Мен үшін адамзатта жан жоқ, сірә,

    Сенен Өр!

    Сенен Асқақ!

    Сенен Биік!...

    Күз

    Күңіренген, күрсінген күздің ауыр,

    Мінезіне үйренген біздің ауыл.

    Бұйра шаңын көтеріп қырат-қырдың,

    Берекесін бір сәтте бұзды дауыл.

    Жанарымда жабырқап жаз жылады,

    Жылағаны емес пе, қаздың әні?!

    Қайран менің жүрегім, қайтқан құстың,

    Қанатынан үзілген сазды ұғады.

    Жаңа мезгіл желбіреп жалауы тік,

    Жаулап алды жер бетін қалауы ұтып.

    Жылы өлкенің жамалын жасқа шылап,

    Қара аспанның көзі тұр қарауытып.

    Жадыраған жаздың да күйі осал тым,

    Мезгілі өтті. Құс жүдеу, ұя салқын.

    ...Күздің жырын жазады бір Құдірет,

    Бір ғажайып қаламмен сиясы алтын. 


    Әлдилей бер...

    Мен өмірге келген Ай,
    Қасат қарлы Қаңтар - бұл.
    Қыл шылбырын қолға оңай
    Ұстатпайды тарпаң жыл...

    Тарпаң жылдың тағы да
    Жармасып ап жалына,
    Тауқыметін тартам құр.
    ...Таңдайымда - жауһар жыр,
    Маңдайымда - сол тағдыр!

    Иә, жаным! ...бұл мезгіл -
    Мен өмірге келген шақ.
    Көңілімде күмбез жыр
    Күмбірлейді, елді аңсап.

    Қоңыр салқын желді аңсап,
    Қоңыр қазды көлді аңсап,
    Қоңыр жота белді аңсап,
    Менің қоңыр тірлігім
    Тағынады зер-моншақ.

    Мезгіл, мезгіл, мезгілдер,
    Сағым жылдар, боз күндер,
    Сендер кімнен бездіңдер?
    ...Адыр-қырлар, бозғыл бел,
    Сендер нені сездіңдер?

    Жаздың жауы - аптыққан
    Күзгі дауыл, озбыр жел.
    Қыстың соңы шаттықтан
    Көктем болып, тез гүлдер.
    ...Сен бәріне төздің, жер!
    Мен дәрменсіз пендемін,
    Санамда құр сөз бүрлер.

    ...Әлемге осы келгелі,
    Әлемді осы көргелі,
    Әуедегі ақ бұлтқа
    Әуен қосып, ергелі.

    Әппақ қарлы даламен
    Әуелетіп, сен мені
    Әлдиледің, қара өлең,
    Әлемге осы келгелі.

    Әлдиледің қара өлең,
    Әлдилей бер, қара өлең,
    Әлдилей бер!... 


    ...Керім

    Сал көктемнің қоңыр кеші.
    Кездесудің әсері әйбат.
    Сен еркелеп өмірге осы
    Келе жаттың көше бойлап.

    Келе жаттың кердең басып,
    Көрініп-ақ көзге әдемі.
    Сол сәт бір ой кеудемді ашып,
    Сабырымды қозғап еді...

    Жүздесу бұл бірінші рет,
    Қарайлайсың жылып бейнең.
    Бір жағынан күлімсіреп,
    Бір жағынан күдікті оймен...

    Жаның балқып күн көзіне,
    Жайлы қандай жымиғаның,
    Жарасып-ақ тұрды өзіңе,
    Жұпар шашып гүл - иманың!

    Қиылған қас арасынан
    Қос нүктедей көрдім меңді.
    Көрімдік қып мен осыған
    Көк аспанды бергім келді.

    Саған қарап ой көшінен,
    Кейпіне еніп бақытты ердің.
    «Арманымның бейнесінен»
    Арнап өлең оқып бердім.

    Болмас, сірә, өмірде тең,
    Сенім, сезім - ол екі ұғым.
    ...Сағынамын дедім бе екем,
    «Сағынышты» неге оқыдым?

    Жанарымнан тайғанап мұң
    Бара жатты...
    Кездескенде
    ...Тылсым, терең ойға баттым,
    Түсіне алмас өзге еш пенде.

    ....Ал, сен ше?

    Арқаттан алыс кеткелі

    Арқаттан алыс кеткелі,
    Арқадан қоныс тепкелі,
    Арғымақ жүйрік жылдарым,
    Арқырап, зулап өткелі
    Арқалап алған бір үміт
    Арқамды жауыр еткелі,
    Аз ғұмыр, сірә, өткен жоқ,
    Азалы қылды тек мені...
    Арқандап қойған ат құсап,
    Арманға арман жетпеді.
    Айылым қойды-ау жиылмай,
    Айыбым әлде көп пе еді?!
    Алайын бәрін мойныма,
    Ағайын болса өкпелі.
    Айнымас мәңгі сертінен,
    Ай менен Күндей көктегі.
    Ақжелең жастық шағым да,
    Ақжауын сынды өтпелі.

    Алатау еді арманым!
    Арманға жете алмадым.
    Ақмола болды мәресі,
    Ауылдан шыққан арбаның.
    Алланың бұл да бұйрығы,
    Ар көрмен басқа салғаның.
    Аңызақ желдің өтінде,
    Азырақ ғұмыр жалғадым.
    Аңғарып кейде қаласың,
    Алағат күннің жалғаның.
    Алаөкпе күйге түсерсің,
    Алауыз болса жан-жағың.
    Ақшулан бұлтпен астасып,
    Ақ сұңқар құстай самғадым.
    Астында мұңның қалдырмас,
    Аспанға лайық талғамым.
    Ақсүйек өнер АҚЫНДЫҚ,
    Ақылдың жолын таңдадым!

    Ақшуақ сүйіп бетімнен,
    Алғаусыз ұл ем жетілген.
    Азамат болып қалыппын,
    Алаңсыз бала секілді ем.
    Ағалық қайда кешегі,
    Алалық көрер жетім бе ем?!
    Арсыздың ісі, - деді атам,
    Атағым жоқ деп өкінбен.
    Ақырет күні өткізер,
    Амалың ғана көпірден.
    Абыздың мұңын бер, Алла!
    Ауызды қайтем, көпірген.
    Азуын айға білеген,
    Арландай болып бекінгем.
    Ажалым алып кеткенше,
    Ажарын жырдың кетірмен!

    Оқырман қыз

    Оқырман қыз,
    Өмірде алыс,
    Өлеңде жақын жанбыз.
    Түнге сіңіп тағы да
    Ай жүзінен
    Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

    Сен ше, қарғам?
    Мұңаймашы,
    Түспесін еңселі арман.
    Ықыласын бір саған аударар ем,
    Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

    Амал нешік?..
    Сансыз арман сарылып санамда өшіп
    Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,
    Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

    Аңғалым-ай!
    Жағымды бір болар ма ең, жанға бұлай.
    Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам,
    Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

    Мөп-мөлдір шық,
    Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,
    Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,
    Жүрегіңнен жарғандай КӨКТЕМ бүршік.

    Оқырман қыз...
    Өмірде алыс,
    Өлеңде жақын жанбыз.
    Түнге сіңіп тағы да
    Ай жүзінен,
    Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз...

    Оқырман қыз...


    Не шара?

    Біз еңіреп жылағанда,

    Қайғымызға құмарлана күлді, Олар.
    Біз қайтып тұрмастай боп құлағанда,
    Басымызды баспалдақ қып тұрды, Олар.
    Біз оларға төрімізді берген күні босатып,
    Өзімізді үйімізден қуып шықты тас атып.

    Баспанамның босағасын көре алмай,
    Бостандығым бодандыққа алмасты.
    Басқыншының бүлігіне көне алмай,
    Бас көтерсе боздағымды дарға асты.

    Өз көрімді өз қолыммен қаздырып,
    Жан тапсырдық. Қала бердік жоқтаусыз.
    Шарасыздан шыдай алмай көз жұмып,
    Жан бауырым жылай алмай жатты әлсіз.

    НЕ ШАРА?
    ...Көз жасымды қорған ғып,
    Жаза алмаспын бұл дертті
    Азаттықты арман ғып
    Арыстандай айбат шегер КҮН ЖЕТТІ!

    «Қош!» дедің неге?

    «Қош!» дедің неге? Қолыңды неге бұлғадың?
    Күндердің санап үмітпен келемін бәрін.
    Мендегі мынау мөп-мөлдір мұңлық сезімнің,
    Сен едің, жаным, иесі сен едің, жаным!

    Неге сағындым? Сен мені неге сағындың?
    Сарғайған сағынышымның елесі – ауыр мұң.
    Бағыма менің бұйырмас балауса арманым,
    Бақытты кейіпкерісің сен осы әнімнің!

    Неге мұңайдым? Білмедім, неге мұңайдың?
    Көзіңнен сенің cынығын көремін Айдың.
    Түн құшағында тілдесіп тәтті елесіңмен,
    Жұлдыздай болып бір – бірлеп сөнеді қайғым...

    Кездестік қоштасқалы...

    Көлдей тұнық көзіңмен қызықтырдың,

    Жүрді сонда жазықсыз жүзіп бір мұң.
    Қоштасар сәт келгенде қимай мені,
    Мөп-мөлдір мұңнан моншақ үзіп тұрдың.

    Жүрекке жұп бола алмай сендегі адал,
    Таусылды тағат, төзім, мендегі амал.
    Жасыңды жел кептіріп қоңыр кеште,
    Қоңыр күз қолыңа әкеп берді орамал.

    Таза едің таңғы шықтай, пәк мінезің,
    Әп-сәтте кермек татып тәтті кезің.
    Сенен емес, жаным-ау, сенен емес,
    Сезімімнен салқындық таптым өзім.

    Ұмыттым. Бәрі, бәрі ұмытылды,
    Жаныма махаббаттың мұңы тұнды.
    Қураған жапырақтай жалған сезім,
    Алсам да алақанға... үгітілді.

    Кездестік қоштасқалы... Күз. Кешкілік,
    Мұңлы әуен тұрды алыстан бізге естіліп.
    ...Шақырып кездесуге сонда сені,
    Кеттім-ау жалғыздықпен жүздестіріп.

    Соңғы үміт

    Көктемім өзің едің күзде келген,
    Жаралған жан дүниең ізгі өлеңнен.
    Сен менен алыс кеттің, арманым-ай,
    Мен сенен үмітімді үзбегенмен.

    Жанымды жүз қуантып, жүз жылатып,
    Кетсе де жүрмін сол бір күзді ұнатып.
    Қуанып қос ғашыққа қол бұлғайтын,
    Шақырып баққа қарай бізді бақыт.

    Аспанда сан мың жұлдыз жымыңдасып,
    Айға сыр айтатындай сыбырласып.
    ...Жанымды жапырақ қып жайып тастап,
    Тұрушы ем жалғыз саған сырымды ашып.

    Тұрсаң да қарсы алдымда күліп керім,
    Қайрылмай кетеріңді біліп пе едім?
    Желіккен желмен ұшып кетті-ау сонда,
    Үзілген жапырақтай... үміттерім.

    Сендегі суынғанда сезім нұрлы,
    Мендегі махаббат та көзін жұмды.
    Мұңайып мұңға батқан бақ та мынау,
    Менің жалғыздығымды сезіндірді,

    Сен жоқсың... Түз – меңіреу. Күзім – керең,
    Көктемнің күзгі бақтан ізін көрем.
    Ілініп жалғыз ғана жапырақ тұр,
    Мүмкін... сол соңғы үмітім үзілмеген.

    Сағынбауға...

    Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес,
    Сәтсіздіктен де іздеймін жаным, тәтті елес.
    Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
    Жетуге саған амалым болмай, әттең, еш.

    Бұлыңғыр тартып, бұлтты күн де тым баяу,
    Өтпейді. Өтсе, отырам оймен түнде ояу.
    Саруайымменен, сарғаюменен күн кешіп,
    Санама менің сіңіп барады бір бояу.

    Толқыған жүрек, балқыған сезім тудырып,
    Ол күндер кетті кірпікке ауыр мұңды іліп.
    Малынып шерге, сағынып сен де жүрмісің,
    Жаныңды, қарғам, жасына көздің жудырып.

    Кетсе де мейлі аспанның асты тарылып,
    (Серуен құрам, тәтті елес, сені сағынып).
    Қанатын керген қара түндерден іздеймін,
    Іздеймін анау аспанға сансыз шам іліп.

    Жұлдызды аспаным жымың қаққанда жақын кеп,
    Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп.
    Қалайда, жаным, сені ұмытуға тиіспін,
    Ал сағынбауға хақым жоқ!

    Айсұлу

    Арқанын керім кешінде, жаным, кездестік,
    Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк.
    Білектей бұрым, беліңе дейін бұралып,
    Төгіліп тұрды. Көрініп тұрды көзге ыстық.

    Қызарып барып кірпігін Күн де жапты әрең,
    Жарық жалғанмен қоштасып үнсіз жатты әлем.
    Жұлдызды аспанды жанарына алған сыйдырып,
    Айға ұқсап туған арманым, неткен, әппақ ең!

    Балдай қылығың бағаңды бірден арттырып,
    Жанымды өртедің, жанарыңды оттай жалт бұрып.
    Әппақ арманым, бұрала билеп жүрдің сен,
    Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.

    Жұлдыздың бәрі жымың қаққанда бізді аңдып,
    Әлдиге бөлеп Ай нұрын төкті Ізгі ән ғып.
    Көшенің көкшіл шамынан сонда шошынып,
    Сәулені сүйген сәби сезімді қызғандық.

    Балауса сезім көңілге сеуіп балдай мұң,
    Батқан күнменен кеткендей көшіп бар қайғым.
    Жүзіңнен сенің үзіліп түскен нұрменен,
    Үлбіреп тұрған үміттерімді жалғаймын.

    Сыңар боп туған шығарсың мендік мұңмен сен,
    Шіркін-ай саған аспаннан үзіп гүл берсем.
    Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
    Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем...
    Категория: Әдеби әлем | Добавил: enduke | Теги: күз, махаббат, қалқаман сарин, достар, өлеңдер, сырлы, өмір, өмір баян, ақын, қ.сарин
    Просмотров: 7643 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/3
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Іздеу
    Міні-ЧАТ
    Санақ

    Сайтта отырғандар: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0
    Барлық құқықтары мүлде қорғалмаған сот жоқ!!! Сайт еркін пікірде болып,әр кім өз ойын айтып,кішкене тақырыппен үлкен мәселелерді шешу үшін құрылған. Ең алдымен Тілімізді,ұлтымызды,халқымызды,Отанымызды-Дінімізді қорғайық.Бас кесседе тіл кеспек жоқ сондықтан жақсы сөздер айтып Қазақша қалжыңдасып отырайық
    Copyright MyCorp © 2024 Яндекс.Метрика Web100kz.com - каталог сайтов
    счетчик посещений besucherzahler looking for love and marriage with russian brides